2.12.2025, 21:00
Оқылды: 66

БҚО-да «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар» халықаралық науқаны аясында кездесу өтті

Елімізде жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылатын «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар» халықаралық науқаны қоғамның назарын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, халықтың қолжетімді қорғау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Биылғы жылы науқан мазмұнының негізгі бөлігі цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмауға арналды.

e64fffaa-bffe-483c-8d7c-46fc747e1cc2

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе әзірленген жоспарлы іс-шаралар кең ауқымда өткізілуде. Оларға барлық уәкілетті мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ және басқалар қатысуда. 1 және 2 желтоқсанда Орал және Ақсай қалаларындағы дағдарыс орталықтарында кездесулер өтті.

6399d0c8-b735-4054-a27d-ad971954f0c3

«Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік» тақырыбындағы кездесулер бағдарламасына әңгімелер, тренингтер, консультациялар, бейнесессиялар, практикумдар енгізілді. Оларды медиаторлар, психологтар, ІТ-мамандар, прокуратура өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары жүргізді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, облыстық комиссия мүшесі Ж.Қ.Абдолов баяндамасында «Жалпы цифрландыру деңгейі жыл сайын өсіп келеді, ал пайдаланушылардың жасы төмендеп барады, бұдан бөлек, Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналу мақсатын қойды, бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өтті.

83b21f37-66b9-4047-9782-d593cf32af65

Науқан қатысушыларының міндеті – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыруға, цифрлық қауіпсіздік идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ тиісті сауаттылық пен құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ету», – деп атап көрсетті.

68987414-6af9-4da1-be91-e0ee51d97dbc
Кездесулердің қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар (тақырыптық флаерлер, буклеттер, жадынамалар) таратылды.

БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале