3.12.2025, 12:15
Оқылды: 51

3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні

Елде 743,9 мың мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Олардың 414 мыңы немесе 55,7%-і еңбекке қабілетті жаста болса, 212,9 мың адам зейнет жасына жеткен. Ал қалған 117 мыңы немесе 15,7 пайызы кәмелет жасына толмаған азаматтар,

Аталған жандарға жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін күнкөріс минимумының көлеміне байланысты белгіленеді. Қарашада мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 78 283 теңгені құрады. Биылғы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 542,8 мың адам болды. Жыл басынан бері жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 424 млрд теңге бөлінді.

Бұдан бөлек 114,5 мың адам мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы алды. Жалпы сомасы 86 млрд теңге төленді. Сондай-ақ 53,3 мың адамға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтуге арналған жәрдемақы берілді. Мұның сомасы 39,2 млрд теңгеден асты.

_gluster_2025_10_2_5a4ea4e2558f2340466de8e010ce4767_original.12856

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале