Қазгидромет 4, 5, 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады.
Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ болжанып отыр. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.