4.12.2025, 9:45
Оқылды: 93

Министрлік: жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 77 мектеп пайдалаунға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылып жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 77 мектеп пайдалануға берілген.

_gluster_2025_12_4_4b88ecd768b91e6ea1c0effb82477714_1280x720

«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

_gluster_2025_12_4_5ac1dbd05fb8f8d1f678463e0b23e79a_1280x720

Еске сала кетейік, Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Фотолар: gov.kz

_gluster_2025_12_4_0d0af0f3a5cadddf50211afc301c21c7_1280x720

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале