4.12.2025, 14:45
Оқылды: 293

Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды

2025 жылғы 2 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасының «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2025-12-04 at 15.34.00

Бұған дейін өңір басшылығы мен компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы медициналық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу саласында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта меморандум аясында өңірде жаңа кәсіпорын — «Ақжайық-БИО» ЖШС құрылып, киікті кешенді өңдеуге арналған, яғни киіктің етін де, терісін де кәдеге жарату мақсатында, сондай-ақ ірі қара мал мен қой-ешкі етін де өңдеуге арналған кәсіпорын салу жобасы жүзеге асырылуда.

 

WhatsApp Image 2025-12-04 at 15.33.35 (2)

Жобаның мақсаты — киікті тиімді пайдалану және өңір экономикасын дамыту.
Кезлесу барысында жобаны жүзеге асыру аясында туындаған мәселелер талқыланды.

Қорыта айтқанда, бұл жоба өндірістік тізбекті кеңейтуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және өңір экономикасын әртараптандыруға жағдай жасайды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале