6.12.2025, 0:00
Оқылды: 2

Шыңғырлау ауданы әкімі ащысайлық тұрғындармен кездесті

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев Ащысай ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

image-05-12-25-11-49

Бірінші болып ауылдық округ әкімі Жасқайрат Айсиев округ бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Баяндама барысында ағымдағы жылы бірқатар мәселелер оң шешімін тапқан.

Атап айтатын болсақ:

  • Ащысай ауылдық округі бойынша 2 пәтерлі 16 тұрғын үй пайдалануға берілді;
  • Қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларын қамауға арналған арнайы орын дайындалды;
  • Талдысай ауылына сапалы интернет нүктесі орнатылды;
  • Жіңішке ауылына кешенді блок-модульді ауыз су жүйесі орнатылды.

Одан әрі есептік кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары есептік кездесу барысында бірқатар мәселелер көтерді.

image-05-12-25-11-49
Оның ішінде Ащысай ауылындағы электр энергиясының қысымын күшейту және қоқыс төгетін орынды ретке келтіру сияқты өзекті мәселелер айтылды.
Өз кезегінде аудан әкімі көтерілген сауалдардың барлығы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, шешілетінің тілге тиек етті.
Кездесулерден кейін ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.

Нұрғали Төлегенов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале