8.12.2025, 15:00
Оқылды: 57

БҚО-да Үлкен және Кіші өзендер бойында екі су қоймасын салу жоспарланып отыр

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бүгінде өңірдегі 50 гидротехникалық нысанның 25-іне жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазіргі уақытта 14 су қоймасын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

5312275736976624442

«Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Үлкен және Кіші өзендер бойында 38 млн текше метр болатын екі су қоймасын салу жоспарланып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, су басу қаупінің алдын алу мақсатында 2,9 млрд теңгеге 19 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Каналдардың өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін үш жылда 281 шақырым каналдарға механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы 150 шақырым тазартылады. Сонымен қатар, биыл ұзындығы 192 шақырым болатын Жәнібек суару-суландыру жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале