8.12.2025, 19:00
Оқылды: 10

Университетте Тәуелсіздік мерекесіне арналған шара өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты пікірталас өтті.

1

Университеттің «Политехникалық институтында» Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға «Электрмен жабдықтау» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, ел болашағы, ұлттық мүдде, рухани құндылық жөнінде терең ой қозғады.
Пікір алмасу алаңында білім алушылар ел тәуелсіздігінің тарихи маңыздылығын айқындайтын деректер келтіріп, нақты мысалдармен дәлелдеп, өз көзқарастарын еркін қорғады. Сайыс барысында «Бүгінгі жастар – ертеңгі жауапты буын», «Ұлттық құндылық – елдің тірегі», «Қазақстанның инновациялық болашағы» секілді өзекті тақырыптар талқыланды. Студенттердің азаматтық ұстанымы, риторикалық сөйлеу мәдениеті, дәлелді жүйелеу қабілеті сынға түсті. Жарысқа қатысушылар қоғам дамуындағы жастар рөлін, IT мен инженерлік саланың өркендеу мүмкіндігін, білім сапасын арттыру қажеттілігін атап өтті. Бұл – жастардың ой-өрісін кеңейтіп, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.

2
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған дебаттық сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жүлделі орындар берілді. Сонымен қатар коммуникативтік қабілеті жоғары, аудиториямен тиімді байланыс орната білген қатысушыға «Ең үздік дебатер» атағы табысталды. Жеңімпаз студенттерге арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар және ынталандыру сыйақылары берілді. Бұл – жастардың еңбегі мен білімін бағалауға, одан әрі қызығушылығын арттыруға үлкен серпін болды.
Пікірталасты аға оқытушы Кенжесулу Куптлеуова мен Айгерім Басирова ұйымдастырды. Бұл игі бастама студенттердің белсенді азамат ретінде қалыптасуына, азаматтық жауапкершіліктерін арттыруға, сөз мәдениеттерін жетілдіруге үлес қосты.

Бибігүл Сарбалина
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ техника ғылымының кандидаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале