БҚО-да 13-14 желтоқсан күндері ауа райы күрт нашарлап қатты боран соққан еді. Бұл боран әсіресе далалық жерлерде қатты болған еді.

Осы боран күндері жалпы саны 5 адам адасып кеткені белгілі болды.
Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылында екі адам мал қарауға шығып, қатты бораннан адасып кеткен.Оның бірі 1968 жылғы сол ауылдың тұрғыны.
- Бүгін түске жақын Күйгенкөл ауылы маңынан 1968 жылғы ер адамның денесі табылғаны туралы айтылды. Ақпаратты полиция растады. Қазір іздеу тобы екінші малшыны іздеп жатыр. Бұдан бөлек, Бөкей ордасы ауданында далаға шығып кеткен 2000 жылғы жігіттің денесі табылды. Және Казталов ауданында 1990 жылғы жігіттің денесі табылды, - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек қазіргі уақытта 1971 жылы туған Ақжайық ауданының тұрғынын іздеп жатыр. Және Күйгенкөл ауылынң 1966 жылғы тұрғынын іздеу жұмысы жалғасуда.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz