19.12.2025, 16:45
Оқылды: 9

Жаңақала ауданында жаңа спорт алаңы ашылды

image-19-12-25-03-50-3

156 студент білім алып жатқан Жаңақала колледжі үшін бүгін ерекше күн болды.

Колледж жанынан “Жұмысшы мамандықтыр жылына” орай заманауи спорт алаңы ашылып, білім алушылардың қуанышын еселей түсті.

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, Батыс Қазақстан облыстық әдістеме орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Райгүл Қуаншалиева, Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абат Ишанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аман Серікқалиев, ауыл ақсақалы Шайдолла Тілеубергенов, ардагер ұстаздар Марат Есмағұлов пен Қалима Әліпқалиқызы, оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Салтанатты шара барысында “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында көп жылғы табанды еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы бағаланған колледждің барқатар қызметкері аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафулиннің алғысхаттарымен марапатталды.

image-19-12-25-03-50-2

Жаңа алаңның құрылысына 12 498 998 мың теңге бөлініп, жұмыстарды мердігер «Аяулы алақан-KZ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі  атқарды.  Биыл 10 қыркүйекте басталған құрылыс 25 қарашада аяқталды. Шағын футбол алаңының аумағы - 800 шаршы метр.  

Айзада Ақбасова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале