21.12.2025, 9:00
Оқылды: 9

Қаратөбеде аудан әкімі кубогі үшін волейболдан ашық турнир өтті

Кеше Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында аудан әкімі кубогі үшін ерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.

IMG_0145

Айтулы додаға ауданның Аққозы, Егіндікөл, Жусандой, Сулыкөл, Қоскөл, Қаракөл Саралжын ауылдық округтерінің командалары мен 2024 жылғы аудан әкімі кубогінің чемпионы атанған Қаратөбе ауылдық округінің командасы қатысып, бақтарын сынады.

IMG_0160
Туринрдің ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев аудан спортының жетістіктеріне тоқталып, аудан спортшыларының еңбегін мақтан етті.
Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы спортты серік еткен турнирге қатысушы командаларды жарыстың ашылуымен құттықтап, ойынға қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG_0201
Сап түзеген құрамалар алдында ауданның балғын өнерпаздары «Керім-ай» халықтық би тобының орындауындағы «Спорттық биі» тамашаланды.
Командалар жетекшілері ойын кезегін анықтау мақсатында жребе суырды.
Командалар 2 тоқа бөлініп Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының және Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залдарында ойын көрсетті.

IMG_0189
Ауан әкімі кубогі үшін сегіз команда арасындағы тартысты өткен ашық турнир мәреге жетіп, жарыс қорытындысында жанкүйерлері мықты болған жусандойлық волейболшылар турнир жеңімпазы атанып, аудан әкімі кубогын жеңіп алды. Жеңімпаз команда ойыншылары диплом, медальдармен және 150 мың теңгенің сертификатын иеленсе, көрермендер көңілінен шыққан аққозылықтар жүлделі ІІ орынға шығып, диплом,медальдармен және 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Ал, өткен жылы аудан әкімі кубогінің иегері болған Қаратөбе ауылының құрамасы бұл жолы ІІІ орынға табан тіреп, диплом, медальдар және 70 мың теңгенің сертификатын иеленді.

IMG_0240
Жақсы ойын өрнегін көрсеткен Сулыкөл ауылының командасы «Жеңіске деген жігері үшін», командалар бойынша жекелеген ойыншылар арасынан Қаратөбе ауылы командасынан Серікқали Асылжан - «Үздік шабуылшы», жусандойлық Бекзат Бауыржанов – «Үздік байланыстырушы», аққозылық Ринат Жеңісов – «Үздік қорғаушы», сулыкөлдік Асланбек Дәулетқалиев – «Үздік ойыншы» аталымдарымен марапатталды.
Жеңімпаз командалар мен аталымдар иелерін марапаттау рәсімін аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы жүргізді.

Ерболат Райсов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале