24.12.2025, 14:45
Оқылды: 64

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты, - деп жазады akorda.kz.

1766564452_KZ8_6762_2 (1)

Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.

Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды. Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.

1766564471_KZ8_6844_2

Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 триллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале