29.12.2025, 17:30
Оқылды: 37

Қазақстан Ыстықкөл аймағында бірқатар курорттық нысанды дамытуды қолға алады

Мәжіліс 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің ресми парақшасында жазылды. 

Bringing_the_sheep_home,_on_the_southern_shore_of_Issyk-Kul_(3968109583)

Сурет: wikipedia.org

Құжатта Қазақстанның төрт курорттық-рекреациялық шаруашылық объектісіне меншік құқығы қарастырылған. Оларға шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру орталығы кіреді.

Қазақстанның осы объектілерді төрт жыл ішінде (2029 жылдың соңына дейін) 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізу жөніндегі міндеттемелері көрсетілген.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада осы міндеттемелерді орындау үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі де көзделген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале