
Құрметті тұрғындар, қадірлі жерлестер!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл өңіріміз үшін табысты әрі мазмұнды болды. Экономиканың негізгі салаларында оң көрсеткіштерге қол жеткіздік. Өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылды. Ауылдарды дамыту, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, үй құрылысы мен халықты әлеуметтік қолдау мәселелері тұрақты назарда болды.
Ортақ жетістік – облыс тұрғындарының ынтымақ-бірлігі мен ерен еңбегінің нәтижесі. Ел дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандарға алғыс білдіремін.
Жаңа жыл – жаңа мүмкіндік пен биік мақсатқа бастайтын кезең. Алдағы уақытта да өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыс легі жалғасын табады.
Осы жарқын мереке әр шаңыраққа бейбітшілік пен береке, молшылық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбек жемісі мен толағай табыс тілеймін.
Нариман Төреғалиев
Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі