Соңғы үш жылда облыста білім беру саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңде облыс бойынша 30 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.

Олардың құрылымы келесідей:
Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 11 апаттық, 7 үш ауысымды және 12 бейімделген ғимарат мәселесі толық шешілді, яғни балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалды.
Жергілікті бюджет және «Қазақстан халқына» қоры есебінен 7,8 млрд теңгеге 514 пәндік кабинет сатып алынды.
Ағымдағы жылы облыс аумағында 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, 2025–2027 жылдары өңірдегі 86 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарыжоспарланып отыр, бұл білім беру инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі