Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы жазды.

2026 жылғы 5 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.