5.01.2026, 17:00
Оқылды: 56

Батыс Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекелері тыныш өтті

Жаңа жылды мерекелеу кезеңінде Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жалпы алғанда, мерекелік күндер елеулі оқиғаларсыз өтті — көшелерде және қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

Полиция ЖП

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін көшелерде, жолдарда және азаматтар көп жиналатын орындарда, оның ішінде орталық алаңдар мен мерекелік іс-шаралар өткізілетін аймақтарда 1 000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

2025 жылғы 30 желтоқсаннан 2026 жылғы 2 қаңтарға дейін БҚО ПД Жедел басқару орталығына «102» арналары арқылы әртүрлі сипаттағы 1 811 хабарлама келіп түсті, оның ішінде:
* 22 — қылмыстарға қатысты;
* 331 — әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты;
* 373 — оқиғалар бойынша;
* 1 085 — өзге хабарламалар.

Барлық өтініштерге полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдады.

Мерекелік күндері 168 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
* алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу — 87;
* ұсақ бұзақылық — 78;
* өзге — 3.

Жеке атап айтқанда, 2025 жылғы 31 желтоқсанда Жедел басқару орталығына 430 хабарлама келіп түсті, оның ішінде:
* қылмыстарға қатысты — 6;
* әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша — 86;
* оқиғалар жөнінде — 99;
* өзге — 239.

Осы күні 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
* жол қозғалысы ережелері бойынша — 15;
* алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу — 1.

Полицияның негізгі назары қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Қабылданған шаралар Жаңа жылдық іс-шараларды қоғамдық тәртіп бұзушылықсыз өткізуге мүмкіндік берді.

Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында облыс тұрғындары «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтай отырып, Жаңа жыл мерекелерін отбасымен және жақындарымен тыныш әрі қауіпсіз түрде өткізді.

БҚО Полиция департаменті 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале