7.01.2026, 10:00
Оқылды: 49

Құны 103 млрд теңге: Елімізде толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады

Онда онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар шығарылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

e25025dc-ba17-4e96-963e-ab004729aa48

Фото: freepik 

ҚР Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда ірі стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Khan Tengri Biopharma» ЖШС арасындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында заманауи «Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу» жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданды.

Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп жоспарланған. Негізгі мақсат — 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.

Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.

4d86ff21-5675-4034-b333-97e4478286dc

Фото: Үкімет

Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған.

Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.

Дереккөз: Kazinform

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале