Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
- Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - деп жауап берді агенттік.
Қазіргі таңда елімізде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та тіпті кейбір азаматтар “өтініш жазып беремін” деп қызметтеріне қосымша ақы сұрап жатқанын айтты.
- Несие кешіріліп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң ғана бар. Оның да өзіндік шарттары бар, - деді депутат.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын сала кетейік.