14.01.2026, 11:00
Оқылды: 39

БҚО-да Орал қаласы мен аудандар бойынша 4,1 млрд теңге игерілмей қалды

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы өңір бюджетінің өзіндік кірістер жоспары 102 пайызға немесе 4,8 млрд теңгеге артық орындалды, - деп жазады kaz.inform.kz

ЖП АҚША

БҚО қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің мәлім еткеніндей, жергілікті бюджетке 239,7 млрд теңге түсті.

Нұрлан Мұхитұлының сөзіне қарағанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің шығыстары 617,2 млрд теңгеге (жоспар – 628,5 млрд) немесе 98,2 пайызға игерілді. Игерілмеген қаражат көлемі – 11,3 млрд теңге.

– Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 99,6 пайызға (жоспар – 68,7 млрд, нақты – 68,4 млрд теңге) игерілді. Игерілмегені – 279 млн. теңге. Атап айтқанда, ағымдағы трансферттер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандырудан 155 млн теңге үнемделді. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорына баспана сатып алудан 7,7 млн теңге үнемделді. Даму трансферттері бойынша Теректі ауданы Подстепный ауылдық округі Тоқпай кентіндегі аз қабатты 20 алты пәтерлі тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру құрылысы 24 млн теңгеге түзетілді. Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында кентішілік автомобиль жолдарын салу бойынша 88 млн теңгеге түзету жасалды, - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, сонымен қатар республикалық бюджет несиелерінің игерілуі 73,4 пайыз болды. 4,8 млрд теңге игерілмеді. Мұның себебі – 4,7 млрд теңге жоғары тұрған бюджеттен түскен жоқ. Ал 188 млн теңгеге «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мамандардан өтінімдер болмады.

– Орал қаласы мен аудандар бойынша 4,1 млрд теңге игерілмей қалды. Соның ішінде Орал қаласы әкімдігі – 2,8 млрд теңге, Бөрлі ауданы – 537,9 млн теңге, Жаңақала – 187,2 млн теңге, Теректі – 180 млн теңге. Қалған аудандар бойынша 354 млн теңге игерілген жоқ. Облыс бюджет шығыстарының көрсеткіші 98,6 пайыз болды, игерілмегені – 7,6 млрд теңге. Ең көп қаражат игермеген бюджеттік бағдарлама әкімшілерін айтсақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы – республикалық бюджеттен қаржы түспеуіне байланысты 4,7 млрд теңге. Қаржы басқармасы – резерв қаражаты бөлінбегендіктен, 1,6 млрд теңге. Денсаулық сақтау басқармасы – 709 млн теңге. 643,8 млн теңге қалған басқармалар үлесінде, - деп қосты Н.Есенғалиев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале