15.01.2026, 17:15
Оқылды: 220

Шыңғырлаулық  аналар «Күміс алқа» мемлекеттік  наградасымен марапатталды

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің 2025 жылдың 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, көп балалы аналар Ляззат Асаубаева мен Альбина Есетбаеваға  "Күміс алқа" мемлекеттік  наградасын тапсырды.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.52.00

Салтанатты шарада аудан әкімі «Сіздерге еліміздің демографиясының өсуіне, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Кімнің де болсын өмірдегі ең бір жанашыры, шынайы қамқоршысы-анасы. Ендеше осынау ұлы есімді үлкен жауапкершілікпен арқалап, бала тәрбиесінде үлкен үлестеріңізді қосып жүрген өздеріңізге алғыс айтамын. Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын», деп құттықтауын жеткізді.

Өз кезегінде марапат  иегерлері де ризашылықтарын білдірді.

                                                                                                                                       С.Әділ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале