15.01.2026, 19:00
Оқылды: 62

Қаратөбелік «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне марапаттар табысталды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №119 Жарлығына сәйкес «Алтын алқамен» наградталған қаратөбелік Самал Төлекбаева және «Күміс алқамен» наградталған Кенжегүл Малдуованы қабылдады.

Алтын және Күміс алқа иегерлері (1)

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін марапаттарымен құттықтап, бала тәрбиесіндегі елеулі еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Алтын және Күміс алқа иегерлері

«Алтын алқа» иегері, 7 бала тәрбиелеп өсірген Самал Тіниқызы мен «Күміс алқа» иегері, 6 бала тәрбиелеп өсіріп, бала тәрбиесімен қатар ұзақ жылдар ауданның мәдениет саласында елеулі еңбек етіп келе жатырған сала ардагері Кенжегүл Ахметқызы өз кезегінде сөз алып өздеріне көрсетілген құрметке орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына және Президенттің наградаларын табыстаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлына ризашылықтарын жеткізді.

Ерболат Мырзағұлұлы
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале