16.01.2026, 10:15
Оқылды: 69

«Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» деректі-көркем тарихи фильмі жылдың мәдени жобасы атанды

Астанада Ұлттық «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

photo-output

«Жылдың мәдени жобасы» аталымында «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» деректі-көркем тарихи фильмі жеңімпаз атанды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурсының телеграм каналы жазды.

Жоба ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Jibek Joly телеарнасының қолдауымен түсірілді. Авторы – продюсер Майя Бекбаева.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

@ptrkkz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале