Конкурстық комиссиясының қорытындысына сәйкес, облыс әкімінің өкімімен БҚО дін істері басқармасы басшысы болып Аслан Нұрланұлы Тапишев тағайындалды.

Ол 1985 жылы Орал қаласында туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
«Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы БҚО филиалының басшысы;
«Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті;
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы болып қызмет атқарды.
Қазіргі лауазымға дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары болды.

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, сәттілік тіледі.
БҚО Қоғамдық даму басқармасы