21.01.2026, 19:00
Оқылды: 16

Ауыз су жүйесінің жұмысымен танысты

Бүгін Қаратөбе ауданына ҚР Үкімет аппаратының аймақтық кеңесші инспекторы Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы жұмыс сапарымен келіп, Қаракөл ауылдық округіне қарасты Алакөл ауылындағы жаңадан салынып, пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің жұмысымен танысты.

IMG_0702

Алакөл ауылындағы ауыз су жүйесі өткен жылдың қыркүйек айында іске қосылып, ауыл халқын түщы ауыз сумен қамтып отыр.

IMG_0706
Арнайы жұмыс сапарымен келген Нұрғали Қуандықұлын ауыз су жүйесінің жұмысымен таныстырған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы:
​– Алакөл ауылына ауыз су тұрақты түрде берілуде. Тұщы судың сапасы өте жақсы. Біздің ауданымыздың аумағында тұщы судың қоры мол. Алакөл ауылындағы әлеуметтік нысандармен қоса тұрғын үйлерге де ауыз су тартылды, - деді.
​Ауыз су жүйесінің нысанының жүмысын көрген ҚР Үкімет аппаратының аймақтық кеңесші инспекторы Нұрғали Егембердиев:
​– Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен барлық өңірлерді аралап халықтың сумен қамтылу жұмыстарын қадағалап, көріп келеміз. Біздің тарапымыздан қолдау қажет болса, арнайы өтініш, ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар, - деді.
​ҚР Үкімет аппаратының аймақтық кеңесші инспекторы Егембердиев Нұрғали Қуандықұлының жұмыс сапары барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Парасат Жұмағалиев бірге жүрді.

Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале