23 қаңтар күні Орал қаласындағы «Шаған» гараж кооперативі аумағында Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.
Осыған байланысты сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін аталған аумақта автокөлік пен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.
Азаматтардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, сабыр сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
БҚО ЖШ БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы