23.01.2026, 11:00
Оқылды: 100

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы ана» атты республикалық байқауын өткізу ережесі  

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «АЯУЛЫ АНА» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

i12

 Іс-шараның мақсаты: Қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесінде ананың атқаратын маңызды рөлін насихаттау және үлгілі аналарды көпшілікке таныту арқылы қоғамдық құндылықтарды дамыту.

Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың ақпан айының 16-на дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған «АЯУЛЫ АНА» атты ордені;
  • Орденді куәландыратын КУӘЛІК;
  • «АЯУЛЫ АНА» статуэткасы;
  • ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ жолданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі: Астана қаласында, наурыз айында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан орден және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru

Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_

Facebook парақшасы: Білім өркениеті

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

Өтініш кестесі өмірбаянмен бірге жіберілуі қажет

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Қызмет орны, лауазымы  
Еңбек өтілі  
Байқау атауы «АЯУЛЫ АНА»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  

 

БҚО Қоғамдық даму басқармасы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале