23.01.2026, 12:15
Оқылды: 15

ІІМ: Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жазды. 

_gluster_2025_2_10_f1d31f1273ae1e28489b10d4707c1024_1280x720

Аталған іс-шараның мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер мен жастармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады.

Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі.

Ішкі істер министрлігі елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале