Қобыз – қазақтың рухы мен тарихын сөйлететін, жасырын сырға толы аспап. Ол негізінен қыл қобыз және нар қобыз болып бөлінеді, әрқайсысы өзіне тән үн мен мінезге ие.
Қобызды жасау — тек шеберлік қана емес, сабыр, шыдам және жүрек қатысы. Шебер алдымен қатты ағашты таңдайды: көбіне шынар, жиде, жаңғақ, қызыл ағаштар қолданылады. Ағашқа қарап, оның ұзаққа шыдамдылығын, дыбысқа жарамдылығын бағалайды. Бір қобызды жасауға он бес күнге дейін уақыт кетеді, әр күн – шебердің қолынан шыққан өнер мен махаббаттың куәсі.
Алдымен шебер қобыздың негізгі пішінін ағашқа сызады, сосын оны шашып, ойып, табиғи формасын береді. Арнайы құралдармен әр ойықты, әр дөңесті мұқият шыңдайды, ағаштың беті нождакпен тазаланып, тегістеледі. Бұл процесте әр қозғалыс — музыкаға дайындалған бір үзік үн сияқты сезіледі.
Қобыздың төменгі қақпағы ретінде әдетте ешкі немесе түйе терісі пайдаланылады. Теріні алдын ала сулап, керіп байлайды – дәл осы қалыңдық, икемділік қобыздың терең, қоңыр үнін шығарады. Ішегі — жылқының құйрық қылынан, ал қобыздың ысқышы — сол ағаштан жасалады. Яғни, бұл аспап түп-тұқиян табиғаттан туған өнердің бір бөлігі.
Қобыз — жай ғана аспап емес. Бұл — бабалардың үнін бүгінге жеткізетін көпір, дала сырының айнасы, рух пен тарихтың үндестігі. Әр қобыздың үні — қазақтың жүрегінен шыққан әуен, әр шерткіші — өткен мен бүгіннің әңгімесі.
Қобыздан шыққан үн – тек музыка емес, ол – өмір, ол – тарих, ол – қазақтың жаны.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
