30.01.2026, 18:00
Оқылды: 6

Күйші анамыздың шығармашылығына арналды

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, дарынды сазгер, дүлдүл домбырашы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты танымдық музей сағаты өтті.

WhatsApp Image 2026-01-30 at 16.33.09

Шара Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы сомдаған дәулескер күйшілер, ұстаз бен шәкірт Құрманғазы мен Дина туралы шағын қойылыммен басталды. Кеш барысында сөз алған Жәңгір хан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Нұржан Дүзбатыров және тарихшы ұстаз Бағдагүл Сисенова шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ өнерінде күйші Динаның алатын орны жоғары екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-01-30 at 16.33.11

Бұдан әрі Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББ мектебінің оқушылары, тарихи-өлкетану бағытындағы үйірме мүшелері, Қарақат мектебінің өнерпаздары өнер көрсетті. Шараға қатысушылар күмбірлеген күй тыңдап, ерекше әсерге бөленді.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале