2.02.2026, 19:00
Оқылды: 45

Алдағы үш тәулікте күн қандай болады? Қазгидромет болжамын жариялады

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі циклондық қызметтің ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды күн күтіледі. Қазгидрометтің хабарлауынша, кейбір күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, бұрқасынмен бірге екпінді жел болжанады.

жп ағаш қыс 2026 (7)

Фотоға түсірген: Бекзат Қанәділ. zhaikpress.kz

Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуі салдарынан күндіз ауа температурасы солтүстікте 0–7°С аязға дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта 5°С аяздан 2°С жылуға дейін, оңтүстікте 8–17°С жылуға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15°С жылуға дейін көтеріледі.

4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде ауа райын скандинавиялық антициклон қалыптастырады, оның әсерінен түнде ауа температурасы 20–28°С аязға дейін төмендейді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале