3.02.2026, 11:30
Оқылды: 10

БҚО-да пробация есебінде тұрған сотталған жазасын темір торда өтейтін болды

БҚО-да пробация есебінде тұрған сотталған жазасын темір торда өтейтін болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

760ca3a8-0f24-4edf-bbb0-eb671a2e26b3 (1)

Фото: Polisia.kz

БҚО Бөрлі ауданында 28 қаңтарда пробация қызметінің есебінде тұрған, бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотталғанға қатысты ашық сот отырысы өткізілді. Сотқа материалдардың жолдануына сотталғанның сот жүктеген міндеттерді жүйелі түрде бұзуы негіз болды. Пробациялық бақылау барысында сотталғанның рұқсатсыз үш рет тұрғылықты мекенжайынан шығып кеткені, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны анықталды. Сонымен қатар сотталғанға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі және 61-бабы бойынша екі рет әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелген. Ашық сот отырысын өткізудің мақсаты – қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды сот белгілеген міндеттерді бұзуға және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу жөнінде ескерту болды. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша сот ұсынысты қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, сотталғанға қатысты жазаның өтелмеген бөлігі ауыстырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале