Орал қаласы бойынша құрамында 1054 мүшесі бар, 136 сайлау учаскесі құрылған. Олардың мүгедектігі бар азаматтар бойынша басты мақсаты – әрбір дауыс берушінің сайлау учаскесіне келуіне және сайлау туралы қолжетімді форматта ақпарат ала отырып, дауыс беруіне мүмкіндік жасау.

«Дүниежүзілік сайлау күні» қарсаңында жоспарланған шаралар бойынша «Қолжетімділік» қағидатының аясында бүгін аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отырысқа мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға мүдделі ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Жұмыс тобы өз жоспарлары бойынша алдын-ала отырыс алдында қаладағы мәселе қордаланған сайлау учаскелерін аралап, өз ұсыныстарын ала келді.

Қатысушылар дөңгелек үстел басында барлық ұсыныстарын, яғни сайлау учаскелеріндегі пандустар, тактильдік жолақтар, бейне жазба-дыбыс құралдары, шақыру батырмалары сияқты ойландырып жүрген мәселелерін қозғады.
Барлық мәселелер жинақталып, хаттамаға енгізіліп, шаралар алып жұмыстану үшін жергілікті атқарушы органға, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болып шешілді.
Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы