4.02.2026, 14:45
Оқылды: 12

Негізгі басымдық - құқық бұзушылықтардың алдын алу

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел аумағында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара 2026 жылғы 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Орал қаласында да өтті.

0b6c8856-c803-4514-a6f8-5b0a06481978

ЖІШ өткізу барысында Орал қаласы ПҚ инспекторы, әділет капитаны М.Сарманов УПИ көмекшісі, полиция капитаны Р.Газезовпен бірлесіп, есепте тұрған 20 сотталған тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында кейбір сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша жоқ екендігі анықталды. Қазіргі уақытта оларды одан әрі іздестіру шаралары қабылдануда.
Сондай-ақ электрондық бақылау білезіктерінің зарядтау құрылғыларының бар-жоқтығы мен жарамдылығы тексерілді. Сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары жүзеге асырылды.

photo-output
«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді аралау, азаматтармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ профилактикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүзеге асырды.
Бұдан бөлек, «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері тартылды.

f70910ab-eaa9-4467-8d32-9a07ecc8c4fe
Ішкі істер министрлігі азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел түрде хабарлауға шақырады.

Миржан Сарманов,

 әділет капитаны
Орал қаласы ПҚ инспекторы,

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале