ІІМ "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сурет: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі ел аумағында көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл жұмыс мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен бірлесіп жүзеге асырылды. Нысаналы профилактикаға ерекше назар аударылды. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 9 мыңнан астам тұлға тексерілді. Нәтижесінде олардың тарапынан жасалған 2,8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Соттар 850 құқық бұзушының мінез құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі. 900-ден астам профилактикалық антиалкогольдік акция өткізілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар, ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қатары көбейіп келеді. Бүгінде 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартты. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейінің, соның ішінде алкогольдік мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалуда. Біздің ортақ міндетіміз — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, отбасын қорғау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету.