5.02.2026, 16:45
Оқылды: 7

Казталов аудандық комиссия балалар қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

Казталов ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Серік Ерболатұлы Қайырлиев төрағалық етті.

FB_IMG_1770274717498

Отырыстың күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Алдымен қыс мезгілінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Казталов ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Еркебұлан Сарсембиев  баяндама жасады. Ол қысқы кезеңде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға тоқталды. Содан соң балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және түзету жұмыстары туралы Казталов ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Гүлжан Әділгереева баяндады. Ал  «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры Айдана Сапарова 2025 жылы атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарын баяндады.

Отырыста 2025 жылы аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жағдайы, қолайсыз отбасыларды есепке алу және олармен атқарылған жұмыстар жөнінде полиция қызметкерлері Оразғали Оразымбетов пен Гүлдара  Жалелова баяндама жасады. Сондай-ақ мектепішілік есепте тұрған оқушылармен жүргізілген жұмыстар туралы Казталов ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Наурызбек Бисекешов ақпарат берді.

FB_IMG_1770274722898

Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев жауапты сала басшыларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және әлеуметтік осал топтағы отбасылармен жұмысты күшейту бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале