9.02.2026, 16:30
Оқылды: 63

Оралда алимент төлемегендер сотқа тартылып, 416 баланың құқығы қорғалды

2025 жылы алимент өндіру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 734 млн теңге сомада алимент өндірілді, деп хабарлайды Орал қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform.

e23ddab0-2153-48ea-b156-866fd8014861
Коллаж: Kazinform

— Прокуратураның үйлестіруімен алимент бойынша 1 761 252 теңге берешегі бар және оны төлеуден жалтарған, соның ішінде жұмысқа орналасуға шаралар қабылдамаған борышкер анықталды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, — делінген хабарламада.

Жалпы, Орал қаласында Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 6 борышкер заң алдында жауап берді.

Сонымен қатар, алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 185 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 416 балалардың құқықтары қорғалды, сондай-ақ 288 борышкер жұмыспен қамтамасыз етілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале