9.02.2026, 14:45
Оқылды: 53

30 градусқа дейін аяз: алда тағы да күн суытады

  • Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі.

10–11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі, - делінген Қазгидрометтің жазбасында. 

жп аяз 2026

Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22–30 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста түнде 13–23 градус аяз, күндіз 12–20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10–20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале