Казталов ауданында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұзбалақ ақын мұрасы» атты әуенді-поэзиялық кеш жоғары деңгейде өтті.

Сахна төрінде ақынның сыршыл да ойлы өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Ән мен жыр қатар өріліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында өнерпаздар Мұқағали поэзиясындағы туған жерге деген сағыныш, махаббат, адам жанының терең иірімдерін шынайы жеткізе білді. Көркемдік шешімі үйлескен сахналық көріністер мен би композициялары кеш мазмұнын байыта түсті.

Сонымен қатар, музыкалық сүйемелдеумен орындалған әндер мен халықтық аспаптардың үні кештің көркін кіргізді.

Көрермен қауым әрбір орындауды ыстық ықыласпен қабылдап, ақын мұрасына деген құрметін шынайы сезіммен көрсетті.

Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы