12.02.2026, 16:30
Оқылды: 9

«Қылқалам иесі – Сәкен Ғұмаров» атты еске алу кеші өтті

Сәкен Ғұмаров музей-үйінде суретші, театр қайраткері, журналист, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Сәкен Ғұмаровтың туған күніне орай «Қылқалам иесі – Сәкен Ғұмаров» атты еске алу кеші өтті.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 17.21.44

Тағылымды шараның мақсаты – қазақ бейнелеу өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан Сәкен Ғұмаровтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның өнегелі өмір жолы мен өнердегі қолтаңбасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету болды.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 17.21.46 (1)

Кеш барысында қонақтар музей қорындағы суретшінің туындыларымен танысып, оның бейнелеу өнеріндегі өзіндік стилі мен терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары туралы тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Сөз алған әріптестері мен замандастары Сәкен Ғұмаровтың шығармашылық ізденісі, театр саласындағы еңбегі мен журналистік қыры жөнінде естеліктер айтып, оның ұлттық өнердегі орны айрықша екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 17.21.46

Шараға суретшінің туыстары, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, музей қонақтары, С.Ғұмаров атындағы балалар көркемсурет мектебінің ұжымы мен оқушылары, сондай-ақ музей қызметкерлері қатысты. Жас суретшілер ұстаздарының және жерлес таланттың еңбектерінен шабыт алып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы құрмет көрсетті.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 17.21.47

Еске алу кеші рухани мазмұнға толы, әсерлі форматта өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай тағылымды кездесулер ұлт мәдениетін ұлықтап, өнерге адал қызмет еткен тұлғалардың есімін ұрпақ жадында жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.

 Ақпапат және фото Бекзат Қанәділдікі

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2026-02-12 at 17.21.48

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале