ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс сапары аясында «Жайық ет» кәсіпорнында болды. Серіктестік құрылтайшысы Темірғали Ескендіров вице-премьерге өндірістік корпус пен азық-түлік өнімдерін шығаруда қолданылатын технологияларды көрсетті.

Қазіргі таңда зауыт шұжық, құс еті, қалбырдағы өнімдердің 160 түрін шығарады. Өндіріс қуаты жылына 7200 тоннаны құрайды. 230 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын құс өсіруден бастап, сою және өңдеу жұмыстарын, яғни өндірістің толық циклын жүзеге асырады. Құсқа қажетті жем-шөпті де өздері өндіреді.

Үкімет басшысының орынбасары ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып отырған іргелі кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, өндірістік әлеуетті одан әрі арттыратынына сенім білдірді.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
zhaikpress.kz
