22.02.2026, 22:36
Оқылды: 111

XXV қысқы Олимпия ойындары қорытындыланды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 19-орында

Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 19-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

IMG_8254

Ел қоржынына алтын жүлдені мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров салды.
Осылайша, ұлттық құрама 1994 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді. Отандастарымыз қысқы спорт түрлерінде дәстүрлі түрде жүлде алып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген Финляндия, Польша, Бельгия құрамаларын артта қалдырды.
Қазақстан құрамасынан қысқы Олимпиадаға 10 дисциплина бойынша 36 атлет (18 ер, 18 әйел) қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале