23.02.2026, 17:30
Оқылды: 99

Тасқала ауданында су тасқынына дайындық пысықталды

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысы облыстық филиалы жанындағы су тасқынына дайындық жөніндегі жұмыс тобының мүшелері ауданымызға арнайы іссапармен келді. Сапар барысында партиялық бақылау инспекторы Қуаныш Шарафутдин мен облыстық мәслихат депутаты Нұртай Жұмашев көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

a2e86ce2-ecf4-4c3a-9b1a-8fdd3f826b01

Жұмыс сапары аясында аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, аудан прокуроры Алмас Унаев, ТЖ бөлімінің басшысы Мырзағали Батрашев және делегация өкілдері алдымен Бірлік елді мекенінде даладан келетін суды тежеу мақсатында тұрғызылған дамбыны көрді. Одан әрі аудан орталығындағы қауіпті аумақтарды аралап, су бұру арналарының тазалануы, бөгеттердің бекітілуі, инертті материалдардың қоры және арнайы техникалардың дайындығын пысықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Рауан Бисенғалиұлы көктемгі кезеңге дайындық шаралары туралы жан-жақты баяндап, қар шығару, арық-атыздарды тазалау, өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығын бақылау және халықты дер кезінде хабардар ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қажетті жанар-жағармай, қаптар мен инертті материалдар қоры жасақталған.

88dc47c6-776b-48ba-b349-a9e8b89881c3

Кездесу қорытындысында жұмыс тобы өңірдегі су тасқыны қаупін болдырмау бағытындағы шаралардың маңыздылығына тоқталып, алдын алу жұмыстары қатаң бақылауда болатынын тілге тиек етті. Партия өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет екенін атап өтіп, барлық тиісті қызметтерді үйлесімді әрі жедел әрекет етуге шақырды және ауданда біраз жұмыстың атқарылғанына көз жеткізді.

00bd0608-db75-42fb-9870-e9f0765016b6

Мұндай іссапарлар көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралардың тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале