Бұл мақсатта облыс әкімдігінің қолдауымен Орал қаласындағы қоғамдық орындар мен көшелерде 200 бейнекамера және «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 100 камера орнату жоспарда бар дейді БҚО ІІД баспасөз хатшысы Асылай Ғұбашева.
ІІД жедел жоспарлау басқарма бастығы Манарбек Каташевтың сөзінше, бейнебақылау техникасы түрлі деңгейдегі бұзушылықтардың алдын алып қана қоймайды, қылмыстың жолын кесуге мүмкіндік береді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, көшедегі бейнебақылау камералары арқылы 87 қылмыс тексеріліп, 14 660 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Бүгінгі күні Жедел басқару орталығы қалаға орнатылған 106 бейнекамера арқылы құқық бұзушылықтарды анықтауда.
Сонымен қатар, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 246 камера учаскелік полиция бекеттеріне бекітіліп, көпқабатты үйлердің ауласын бақылауда ұстап отыр.
zhaikpress.kz