27.02.2026, 0:00
Оқылды: 45

Казталовта зияткерлік ойындардан аудан үздіктері анықталды

Казталов ауданында шахмат пен тоғызқұмалақтан ішкі біріншілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Зияткерлік сайыстың басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілетін шыңдау және ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау.

image-26-02-26-08-26-1

Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Серік Қайрлиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде зияткерлік ойындардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, мұндай жарыстардың аудан спортын дамытуға қосатын үлесі зор екенін жеткізді.

Біріншілікке аудан мектептерінің оқушылары мен ересектер қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әр партияда қатысушылардың шеберлігі мен төзімділігі, терең ойлау қабілеті айқын байқалды.

Жарыс соңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Манарбек Бектияров жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы дипломдармен және медальдармен марапаттады. Ол өз сөзінде қатысушыларға алғыс білдіріп, зияткерлік ойындардың жастарды табандылыққа, сабыр мен стратегиялық ойлауға тәрбиелейтінін атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Зияткерлік ойындар — тек бәсеке алаңы ғана емес, ойлау мәдениетін қалыптастыратын, сабыр мен стратегиялық шешім қабылдауды үйрететін маңызды құрал.

🔴 Тоғызқұмалақ
Қыздар (10–14 жас):
І орынды – Тілекқабыл Раяна (Бегалиев мектебі, Көшанқөл а.о.)
ІІ орынды – Едіге Асылназ (КМЛ, Казталов а.о.)
ІІІ орынды – Асқарова Айсана (Мендалиев мектебі, Жалпақтал а.о.)

Ұлдар (10–14 жас):
І орын – Мейрамұлы Манас (Бегалиев ОЖББМ, Көшанқөл а.о.)
ІІ орын – Бари Ибат (КМЛ)
ІІІ орын – Советов Абылай (Алма Оразбаева мектебі)

Ересектер:
І орын – Катауова Асылзада (Мендалиев ОЖББМ, Жалпақтал а.о.)
ІІ орын – Алғазиева Гүлсезім (Казталов а.о.)
ІІІ орын – Қожанов Темірлан (КМЛ)

⚪ Шахмат
Қыздар (10–14 жас):
І орын – Жұмағазиева Айсезім (Алма Оразбаева мектебі)
ІІ орын – Тұрақбай Мөлдір (КМЛ)
ІІІ орын – Ибрагим Аянат (Қараөзен мектеп-лицейі)

Ұлдар (10–14 жас):
І орын – Нұржан Қуаныш (Алма Оразбаева мектебі)
ІІ орын – Бауыржанов Ерасыл (Бостандық ОЖББМ)
ІІІ орын – Қанатов Мирхан (Молдашев ОЖББМ)

Ересектер:
І орын – Маратов Мырзабек (Бостандық а.о.)
ІІ орын – Жолдыбаев Амантай (Казталов мектеп-лицейі)
ІІІ орын – Тлеубаева Ботагөз (Бостандық а.о.)

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан спортының дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале