Еліміз қазір қоғамдық - саяси жаңару кезеңінің алдында тұр. 15 наурыз күні қазақстандықтар "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?!" деген сұраққа өз жауабын айтады.

Бүгін Сырым ауданына “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін” жалпыұлттық коолициясының мүшелері келді. Алғашқы жүздесу Шолақаңқаты ауылдық округінде өтті.
Тоғанас ауылының тұрғындарымен кездескен Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Баянбек Ғұмаров,«KazBatysService» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Рақымжанов,
«Ляззат» жеке кәсіпкерлігінің директоры, қалалық маслихаттың депутаты Ләззат Ашықова және жеке кәсіпкер, «Tomiris Grand Hall» мейрамханасының директоры, «Respublica» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша Re.Women әйелдер қанатының мүшесі Мариям Мұхамбетова Ата заңның жаңа заманның талаптары мен мүмкіндіктері ескеріліп қайта жазылғандығын, елдің рәмізі іспеттес құжаттың мәтіні халық талқысына шығарылуы - елдегі демократияның көркем көрінісі екенін айтты.

Сырым аудандық маслихаттың депутаты, Тоғанас мәдениет үйінің директоры Жасқайрат Кенжебаев саяси үдерістердің түпкі мақсаты халықтың жай - күйін, табысы мен өмір сапасын арттыруға бағытталуы керек деп пікір білдірді.

Тоғанастағы кездесуге Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, коалицияның қуатты қозғалысы - “Amanat” партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев қатысты.
Бауыржан Ширмединұлы,
фотоға түсірген Қоңдыкер Елеуов.
Сырым ауданы