Казталов ауданында Алғыс айту күніне орай қадірлі ақсақал Марат Наукешовке ерекше құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайрлиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов арнайы барып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында ел ағасының өнегелі өмір жолы мен ауылдың қоғамдық өміріне қосқан үлесі сөз болды. Ақсақалдың ақ батасы мен тағылымды әңгімесі жас буынға үлгі екені атап өтілді.
Қонақтар мерекелік лебіздерін білдіріп, сый-сияпат табыстады. Өз кезегінде Марат Науекешов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің амандығын, бірліктің нығаюын тіледі.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын бекемдеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын дәріптей түседі.
Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы