2.03.2026, 22:00
Оқылды: 49

Қазақстанда сәуір айында ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан бойынша көктемнің екінші айына қатысты ұзақмерзімді синоптикалық болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IMG_8749

Фото: pixabay 

"Сәуір айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтіледі".

Ауа температурасы:

республикамыздың басым бөлігінде нормадан жоғары, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде (Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында) нормаға жуық болады.

Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері:

нормаға жуық – республика аумағының басым бөлігінде,
нормадан жоғары – батыс бөлігінде (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының батыс бөлігінде), республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда (Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, шеткі аймақтарда, Абай облысының оңтүстік-шығысында).
"Сәуір айына арналған егжей-тегжейлі болжам 15 наурызда жарияланады", деп хабарлайды Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале