4.03.2026, 14:30
Оқылды: 14

Жаңашыл жобалар бір арнаға тоғысты

Ауқымды  іс-шара Казталов мектеп-лицейі базасында жалғасын тапты. Бұл кезең аудан мектептерінің үздік тәжірибелері мен жаңашыл жобаларын бір арнаға тоғыстырды.

FB_IMG_1772594909634

Жас ғалымдардың жаңалықтары

Бұл алаңда оқушылардың республикалық ғылыми жобалардағы табыстары мен ІТ саласындағы халықаралық жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше қызығушылық тудырған «Білім Bot» роботы – жас өнертапқыштардың ізденісін айқындаған тың жоба болды.

Казталов ауданының білімпаздары Жасболат Шынтемір, Төлеген Айсана, Ерболатов Мухамедали, Баянғали Еңлік, Елемес Бекарыс, Нұролла Мирәлі өз ғылыми жобаларын сенімді қорғап, тың идеяларымен ерекшеленді.

FB_IMG_1772594917018

Білім мен инновация

”Білім мен инновация тоғысында” бөлімінде заманауи әдіс-тәсілдер мен шығармашылық бастамалар таныстырылды. Бастауыш бағыттағы инновациялық жобалар, МАС және «Тазша балалар» қойылымы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

FB_IMG_1772594919272

Мұғалімдер Мендіғалиева Жансұлу Серғалиқызы, Таушанова Айымгүл Қайырлықызы, Тасқалиева Альбина Ерболатқызы авторлық жұмыстарын ұсынып, тәжірибе алмасудың үлгісін көрсетті.

FB_IMG_1772594902072

“Мен оқыған 30 кітап”

Кітапханада ұйымдастырылған «Мен оқыған 30 кітап» байқауы аясында Сарықұдық негізгі орта мектебі директоры Байжанова Замзагуль Сағындыққызы жобаның маңызын таныстырды. Оқушылар Гүлсана Асхатқызы, Тольяти Айым, Рахимова Айша өздерінің оқырмандық тәжірибесімен бөлісті.

Кәсіби бағдар беру бағыты да назардан тыс қалмады. Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен Жалпақтал аграрлық-техникалық колледжі бірлескен жұмыстары арқылы құрылыс, аспаздық, мобилография, педагогикалық сынып, ІТ саласындағы жетістіктер кеңінен көрсетілді.

FB_IMG_1772594883520

”Шабыт Bot” роботы мен халықаралық ІТ жобалар – білім мен технологияның сабақтастығын айқындаса, К.Мендалиев атындағы мектептің аспаздық шеберлік сағаты мен Жаңажол мектебі оқушысының мобилография саласындағы ізденісі оқушылардың нақты дағдыларды меңгеруге деген ынтасын танытты.

”Шығармашыл ұрпақ алаңы” бөлімінде шаштараз, қолөнер, машина жасау, мүсіндеу (ганчар өнері), телестудия, гидропоника бағыттары бойынша үйірме жұмыстары таныстырылды. Бұл алаң – баланың қызығушылығын кәсіби бағдармен ұштастырудың жарқын мысалы болды.

Семинар “Музыкалық сәлемдемемен” жалғасып, Казталов балалар музыка мектебі өнерпаздарының орындауындағы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале