8.03.2026, 14:30
Оқылды: 605

Казталовта ардақты аналар мен еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Казталов ауданында ардақты аналар мен еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

image-07-03-26-01-05-1

Мерекеге орай аудан әкімінің құттықтауын жеткізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірге ауданымыздың қадірлі тұрғындары – зейнеткерлер Гүльбану Рамазанқызы мен Күмісханым Ихсанқызының шаңырағына арнайы барып, көктем мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімінің жылы лебізі мен ізгі тілегі жеткізіліп, аналарға гүл шоқтары мен сый-сияпат табысталды. Ел дамуына үлес қосқан, көп жылдық еңбегімен құрметке бөленген жандарға көрсетілген бұл ықылас – олардың қоғамдағы орны мен еңбегіне деген шынайы ризашылықтың белгісі.

Гүлбану Рамазанқызы банк саласында 28 жыл бойы абыройлы еңбек етіп, жауапты қызмет атқарған білікті маман. Өз ісіне адалдығымен, еңбекқорлығымен танылған ол ұзақ жылдар бойы қаржы саласының дамуына үлес қосып, әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.

Ал Күмісханым Ихсанқызы да өмірін адал еңбекке арнаған жан. Ол 18 жыл комбинатта тігінші болып қызмет атқарып, кейін аудандық ауруханада 25 жыл бойы кішіқызыметкер ретінде еңбек еткен. Қолөнерге икемі мен еңбекке деген жауапкершілігі арқылы көпшіліктің алғысына бөленіп, сан жылдар бойы ел игілігі үшін қызмет етті.

image-07-03-26-01-05

Қонақтармен әңгіме барысында ардақты аналар өткен өмір жолы мен еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Мұндай тағылымды кездесулер – ұрпаққа үлгі болатын еңбек адамдарының өмір жолын дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын көрінісі.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале